Атырауда емхана жанында 2 көлік толығымен жанып кетті

   Атырау.24 мамыр.ҚазТАГ- Атырауда емхана жанында 2 көлік толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
   «Атырау қаласының М.Баймұханов көшесінде орналасқан №3 қалалық емхана маңында екі автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабар, 24 мамырда сағат 11:06-да түскен. «Тoyota Hiace» және «Honda Elysion» автокөліктері сақтандыру компаниясына тиесілі екені анықталды»,- делінген хабарламада.
   Жалын сағат 11:27-де оқшауландырылып, сағат 11:31-де толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

adimage