Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбі күні ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

    Астана.20 наурыз.ҚазТАГ- Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбі күні ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Тек елдің батысында атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтілуде»,- делінген хабарламада.
   Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа райы күндіз 0-2, түнде -8-10.
   Алматыда таңертең және күндіз, 22 наурызда түнде және таңертең кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Желдің екпіні 15 м/с. Ауа райы түнде +5+7, күндіз +15+17.
  Ақмола облысында түнде оңтүстікте жәңе шығыста қар жауады. Күндіз -3+2, түнде -7-12.
   Жетісу облысында жаңбыр жауады, таулы аймақтарда қар жауады. Күндіз +10+15, түнде -3+2.
   Түркістан облысында таңертең және күндіз жаңбыр жауады, батыста таулы аймақтарда жаңбыр жауады. Күндіз +15+20, түнде +8+13.
   Шығыс-Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -2+3, түнде -5-10.
   Атырау облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +5+10, түнде -2+3.
   Маңғыстау облысында жауын-шашын болады. Күндіз +7+12, түнде +2+7.
   Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -2+3, түнде -4-9.
   Қостанай облысында жауын- шашынсыз. Күндіз -3+2, түнде -7-12.
    Солтүстік Қазақстан облысында жауын- шашынсыз. Күндіз -3+2, түнде -10-15.
    Қарағанды облысында жауын- шашынсыз. Күндіз 0+5, түнде 0-5.

Фото көзі: unsplash.com


adimage