Қазақстан командасы Египетте қазіргі бессайыстан әлем кубогының күмісін иеленді

    Астана.13 наурыз.ҚазТАГ- Қазақстан командасы Египетте қазіргі бессайыстан әлем кубогының күмісін иеленді, деп хабарлайды Қазақстанның ұлттық олимпиада комитеті.
   «Египет астанасы Каирде қазіргі бессайыстан әлем кубогі кезеңі өтті. Қазақстан командасы аралас эстафетада екінші орын алды. Бұл сында Қазақстан намысын Людмила Яковлева мен Темірлан Әбдірайымов қорғады. Олар 1337 ұпай жинап, турнирді күміс медальмен қорытындылады»,- делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
   Бірінші орында 1350 ұпаймен Мексика орналасса, Оңтүстік Корея 1322 ұпаймен үздік үштікке енді.

adimage