Қазақстанда автоконструкторларды тіркеуге алу жұмыстары басталады деп күтілуде

   Астана.27 сәуір.ҚазТАГ- Қазақстанда автоконструкторларды тіркеуге алу жұмыстары басталады деп күтілуде, деп хабарлайды ішкі-істер министрлігінің баспасөз қызметі.
  «23 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін алдын ала онлайн тексеруден өтіп, 200 мыңға жуық автокөлік заңдастыруға мақұлданып, оның ішінде 100 мыңнан астам көлік құралы заңдастырылды. Сонымен қатар қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген автокөліктерді заңдастыру шарттарын айқындайтын Үкімет қаулысының жобасын әзірледі»,- деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

adimage