Қазақстанда Елтаңбаны өзгертуге қанша қаржы жұмсалатынын қаржы министрлігі есептемеген

   Астана.19 наурыз.ҚазТАГ- Алена Субботина. Қазақстанда Елтаңбаны өзгертуге қанша қаржы жұмсалатынын қаржы министрлігі есептемеген.
  "Президент Ұлттық құрылтайда осы мәселені талқылау туралы ұсыныс айтқан болатын. Мемлекет басшысы бұл мәселеде қоғам тарапынан жалпы қолдау болса, оны әрі қарай талқылау қажет екенін айтты. Егер ықтимал өзгеріс қарастырылатын болса, комиссия құрылады. Осылайша мәселе жіті талданады. Оң шешім болған жағдайда басқа мәселелер де қарастырылады", - деді Такиев сейсенбі күні өткен Үкімет отырысында.

adimage