Қазақстандағы жәбірлеу туралы жалған ақпарат тарату дерегі бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды

Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстандағы жәбірлеу туралы жалған ақпарат тарату дерегі бойынша 11 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.
«Әлеуметтік желілерде жалған ақпараттардың таралуы жалғасуда, оның ішінде күдіктілерді тергеушілердің рұқсат етілмеген әдістермен тергейтіні жөнінде. Әр дерек мұқият тергелуде. Еске салайын, қылмыстық кодексте әдейі жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Қазіргі таңда сондай хабарламалар бойынша 11 қылмыстық іс қозғалған», - деді Қилымжанов сейсенбідегі брифингте.
Бір қылмыстық іс, оның айтуынша, сотқа жолданған.

adimage