Астана. 4 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанда жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті құрылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын», – делінген үкімет қаулысында.
Бұл ретті цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің геодезия және картография комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды.
Жаңа комитет мемлекеттік саясатты іске асырумен, құқықтық реттеумен, салааралық үйлестірумен, жасанды интеллект саласындағы сараптамалық кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені бекітумен айналысатын болады.
Еске салсақ, бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бұрынғы министрі Бағдат Мусин отставкаға кететінін мәлімдеген еді.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев жол құрылысы саласының ғалымымен кездесуден кейін бірқатар тапсырма берді31 Мамыр 2024, 17:41
-
Тоқаев Алматыда эколог және белсенді Евгений Мұхамеджановпен кездесті31 Мамыр 2024, 17:32
-
Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті31 Мамыр 2024, 16:05
-
Тоқаев Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалына барды31 Мамыр 2024, 15:52