Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Испанияда «Мастерстің» екінші айналымына өтті

Астана. 28 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Испанияда «Мастерстің» екінші айналымына өтті, деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясынан.
«Елена Рыбакина Анастасия Павлюченковамен (Ресей) бірге Испания астанасындағы  WTA 1000 жұптық турнирінің алғашқы айналымында жапондық Шуко Аояму мен Ену Шибахаруды 6:0, 6:1 есебімен сенімді жеңді. Еске салсақ, жапондықтар Австралия 2023 Ашық чемпионатының жұптық санатына қатысқан еді», - делінген жұмадағы хабарда.
Жарыстың екінші кезеңінде   Рыбакина мен Павлюченкова венгриялық Тимеа Бабош пен қазақстандық Анна Данилинамен немесе украиналық Марта Костюк пен румыниялық Елена Габриэла Рузеге қарсы ойнайды.

adimage