Қазақстанның электронды үкімет порталында екі медициналық қызмет автоматтандырылды

Астана. 5 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның электронды үкімет порталында екі медициналық қызмет автоматтандырылды, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметінен.
«Енді қазақстандықтар ЕGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильдік қосымшасы арқылы санаторий-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытындыны және алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту үшін анықтама алуға өтінім бере алады», – делінген хабарда.
Өтініш берген кезде жіберілген диагнозға сәйкес клиникалық-диагностикалық зерттеулер нәтижелерінің электрондық көшімесі болуы қажет.
Қызметтер eGov.kz порталында «Азаматтарға» – «Денсаулық сақтау» - «Медициналық көмек» бөлімінде қол жетімді. Осыған ұқсас қызметтер де eGov Mobile қосымшасының «Денсаулық сақтау» бөлімінде қол жетімді.

adimage