Бостандық ауданында 6 жаңа мектеп және 12 балабақша салу жоспарланған

   Алматы.20 сәуір.ҚазТАГ- Валентина Владимирская. Бостандық ауданында 6 жаңа мектеп және 12 балабақша салу жоспарланған, деп хабарлады қала әкімі Ерболат Досаев.
   «Бостандық ауданында 9200 орындық 6 жаңа мектеп және 980 орындық 4 балабақша, сонымен бірге, 400 орындық 8 жекеменшік балабақша салу жоспарланған»,- деді бейсенбі күні мегаполис әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде.
   Оның айтуынша, үш мектептің құрылысы 2023 жылдың қыркүйек айына жоспарланған, бір мектеп пен екі балабақша 2023 жылдың соңына дейін салынады.
   Сонымен қатар, 2023 жылы 500 орындық қалалық орталық клиникалық аурухананың жаңа ғимараты салынады.

adimage