Дәулет Бекманов ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды

   Астана.18 мамыр.ҚазТАГ- Дәулет Бекманов ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
   «ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов берген өтінішіне сәйкес ЦДИАӨМ Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметінен босатылды»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
   Бекманов 2020 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

adimage