Елді мекендердегі интернет сапасы мен оның қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында 5 жылда 560 млрд теңге бөлінбек

   Астана.25 сәуір.ҚазТАГ- Валентина Владимирская. Елді мекендердегі интернет сапасы мен оның қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында 5 жылда 560 млрд теңге бөлінбек, деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.
  «Ол ең алдымен, байланыс сапасын жақсарту және тұрғындар арасында радиофобияны азайту үшін керек. Сондай-ақ, деректерді беру деңгейі секундына 4-6 терабитке дейін болатын желілердің транзиттік мүмкіндіктерін ұлғайтуға басымдық беру қажет. Бұл мақсатта ұлттық жобаның осы мақсаттарына бюджеттен 5 жыл ішінде шамамен 560 млрд теңге бөлу жоспарланған»,- деді сейсенбі күні Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.
  Оның айтуынша, елімізде цифрлық хаб болуы тиіс.

adimage