Келесі аптада Алматы және Алматы облыстарында сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады

Алматы. 19 мамыр. ҚазТАГ – Келесі аптада Алматы және Алматы облыстарында сумен жабдықтау уақытша тоқтатылады, деп хабарлады «Алматы су» баспасөз қызметінен.
«Келесі аптада Алматы мен Алматы облысының бірнеше тұрғын алаптарын суық сумен жабдықтаудан ажыратуды жоспарлануда. Бұқтырма көшесі мен Құлжа жолы қиылысында жол-көлік айрығын салу жөніндегі жұмыстар шеңберінде үш кезеңде құрылыс орындарының астынан Д-1400 мм, Д-1200 мм су тартқыштарын шығару жұмыстары орындалатын болады», - делінген жұмадағы хабарда.
Жұмыстарды жүргізудің 1-ші кезеңінде, яғни 21 мамыр күні сағат 22-00-ден 23 мамыр күні сағат 09:00-ге дейін төменде көрсетілген аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады:
– Түрксіб ауданы, «Нұршашқан» шағын ауданы, «Қайрат» шағын ауданы;
– Алматы облысы Талғар ауданы, Белбұлақ, Гүлдала, Луч, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш елді мсекендері;
оның ішінде «Аспан Сити», «Алтын Сити», «Нұрия», «Достар», «Nomad City», «Tomarix City», «Бесағаш» тұрғын үй кешендері, Құлжа жолы бойында орналасқан коммерциялық нысандар (қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, автосалондар және т.б.).
24 мамыр күні сағат 23:00-ден 26 мамыр күні сағат 9:00-ге дейін «Nomad city» ТК суық судан ажыратылады.
Жұмыстың соңғы 3-кезеңін орындау шеңберінде 28 мамыр күні сағат 22:00-ден 30 мамыр күні сағат 09:00-ге дейін төменде келтірілген келесі мекен-жайларда суық су болмайды:
– Түрксіб ауданы, «Нұршашқан» шағын ауданы, «Қайрат» шағын ауданы;
– Алматы облысы Талғар ауданы, Белбұлақ, Гүлдала, Луч, Тұздыбастау, Түзусай, Бірлік, Бесағаш кенттері;
оның ішінде «Аспан Сити», «Алтын Сити», «Нұрия», «Достар», «Nomad City», «Tomarix City”, «Бесағаш» тұрғын үй кешендері, Құлжа жолының бойында орналасқан коммерциялық нысандар (қоғамдық тамақтану орындары, базарлар, автосалондар және т.б.).

adimage