Оралда гараж өртеніп, үш адам қаза тапты

   Орал.26 сәуір.ҚазТАГ- Оралда гараж өртеніп, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
  «25 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Исатай-Махамбет көшесінің бойында қалалық мәдениет және демалыс саябағы маңында орналасқан гаражда жарылыс болып, оқиға орнында үш адамның мәйіті табылды»,- деп хабарлайды ТЖД.
30 шаршы метр аумақтағы гараж жанған, ішінде "ВАЗ-2121" өртенген. Кейінірек өрт 42 шаршы метрлік жеке тұрғын үйдің шатырына жайылған. Өрт сөндірушілер гараждан үш мәйітті тауып, төрт оттегі баллонын анықтаған.
Өрттің шығу себептері мен шығыны анықталып жатыр. Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің 23 қызметкері мен 7 техника жұмыс істеді.

adimage