Павлодарда кәріз құбырынан шала туған нәрестенің денесі табылды

  Павлодар.25 сәуір.ҚазТАГ- Павлодарда кәріз құбырынан шала туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды ішкі-істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы.
   “20 сәуір сағат 18:15 шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберісінің жертөлесінде кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған ер баланың мәйіті табылды”, – делінген сейсенбі күнгі хабарламада.
   ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
   «Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады», - деп мәлімдеді полицейлер.

adimage