Павлодарда өртеніп жатқан мектептен көмірқышқыл газынан уланған мұғалім ауруханаға түсті

   Павлодар. 21 сәуір. ҚазТАГ – Өртеніп жатқан павлодарлық мектептен көмірқышқыл газынан уланған мұғалім ауруханаға түсті, деп хабарлады ҚазТАГ.
  "Науқас 1975 жылы туған. Диагноз-орташа ауырлықтағы тұншықтырғыш газбен улану", - деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы бейсенбі күні.
Мұғалім Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының терапия бөлімшесіне жатқызылды.
   Бұдан бұрын хабарланғандай, 21 сәуір күні таңертең №28 мектепте 200 ш.м. алаңда ірі өрт болды, ғимараттан 576 адам, оның ішінде 551 бала эвакуацияланды.

adimage