Ресейден Қазақстанға 50 млн теңгенің темекісін заңсыз өткізгісі келген

   Қостанай.18 мамыр.ҚазТАГ- Ресейден Қазақстанға 50 млн теңгенің темекісін заңсыз өткізгісі келген, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
  «17 мамырда «Қайрақ» автокөлік өткізу пунктінде шекара қызметі Қостанай облысы бойынша департаментінің әскери қызметкерлері шетел азаматы басқарып келе жатқан жүк көлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру барысында акциздік маркілері мен ілеспе құжаты жоқ 205 қораптағы темекіні анықтады. Алдын ала есеп бойынша, тәркіленген тауардың құны 50 млн теңгеден асады»,- деп хабарлайды бейсенбі күні ҰҚҚ-нің баспасөз қызметі.
   Істің мән-жайын анықтау үшін заң бұзушы мен анықталған жүк аймақтық экономикалық тергеу департаменті қызметкерлеріне тапсырылды.

adimage