Серік Күдебаевтың баласы әкесі туралы: ол Қазақстанға өз еркімен оралды

Алматы. 28 сәуір. ҚазТАГ – Алматы және Алматы облысының полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев Қазақстанға өз еркімен оралды, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Кей БАҚ оны ұстдамы-мыс деп ақпарат таратып жатыр. 26 немесе 27 сәуір күні (Серік Күдебаев-ҚазТАГ) кенше еніміне хабарласып, елге өз еркімен оралатынын айтқан»,- деп мәлімдеді ұлы Арман Мырзақұлов.
Ол сонымен қатар Күдебаевтың отбасы оның осы уақыт аралығында нақты қайда болғанын білмегенін жеткізді.
Еске салсақ, Серік Күдебаевтың ұсталғанын бас прокурор Берік Асылов ресми түрде растады.
Бұған дейін хабарланғандай, Күдебаевты ұстап Ыстамбулдан Қазақстанға арнайы рейспен жеткізді.
Еске салсақ, бұған дейін бас прокуратура хабарлағандай, қаңтар оқиғасы кезінде күш құрылымдары басшылықтың әлсіздігінен рухы түскен. Мысал ретінде, Талдықорғандағы тәртіпсіздік кезінде Күдебаевтың полиция ғимаратынан кетіп қалғаны келтірілген. Күдебаевқа қатысты сот 5 қаңтарда басталды. Айыптау тарапы оны тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. 10 наурызда белгілі болғандай, Күдебаев өз ісі бойынша сот шешімі шығардың алдында ауруханаға түсіп қалған. Сондықтан сот отырысы кейінге шегерілген. 27 наурызда ҚазТАГ хабарлағандай, Күдебаевқа қатысты сот төртінші рет кейінге шегерілген.
30 наурызда хабарланғандай, Алматы және Жетісу облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты сот мәжбүрлі түрде алғызатын болған, алайда 1 сәуірде оның қашып кеткені белгілі болды. Кейін оның Түркияға қашу бағыты анықталды. 3 сәуірде Күдебаевтың қашып кеткені сотта расталды. Кейін сот Күдебаевтың ешқайда шықпау туралы қолхатпен жатқанын хабарлады. Сол күні шекара қызметі Күдебаевтың Қазақстан мемшекарасынан шығып кету дерегін тексеруді бастады.
5 сәуірде бас прокуратура полиция департаментінің бұрынғы басшысының қашу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Айта кетерлігі, Күдебаев қашып кеткеннен кейін қаңтар оқиғасына қатысушылар ретінде тергеуден өтіп жатқан бес полицей үй қамағынан қамауға алынды.

adimage