Шымкентте жеке үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды

Шымкент. 2 мамыр. ҚазТАГ – Шымкентте жеке үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады Otyrar.
«Шымкентте Ерімбетов көшесінің бойынан 38 үйде ер адамның мәйіті табылды. Қолдағы ақпарға сәйкес, ол туралы жергілікnі тұрғындар 1 мамыр күні сағат 16:00 шамасында хабарлаған», - делінген ақпарда.
Алғашқы тексеру барысында өлім себебі анықталмады. Құқыққорғаушылар марқұмның кім екенін анықтады. Ол 1984 ж.т. Қазақстан азаматтығын алған Өзбекстан тумасы екен. Қайтыс болуының негізгі себебі анықталуда.

adimage