Синоптиктер Қазақстан бойынша демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды

   Астана.12 мамыр.ҚазТАГ- Синоптиктер Қазақстан бойынша демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.
   «Республиканың көп бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, түнде15 мамырда республиканың шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Қатты жаңбыр 13 мамырда солтүстікте, 14 мамырда оңтүстік аймақтарда, 14-15 мамырда оңтүстік-батыста болжанады»,- делінген жұма күнге арналған ауа райы болжамында.
   Республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, оңтүстік өңірлерде -  шаңды дауылдар.
   «Жалпы Қазақстан бойынша ауа температурасының ауытқуы болжанады, тек 14-15 мамырда елдің солтүстік жартысында, түнгі уақытта 1-3 градус үсік күтіледі»,- деп қосты синоптиктер.


adimage