Түркістан облысында 9 класс оқушысын өлтірген тағы бір күдікті ұсталды

   Астана.20 сәуір.ҚазТАГ- Түркістан облысында 9 класс оқушысын өлтірген тағы бір күдікті ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы.
  «Түркістан облысының полицейлері суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректер жинады. Аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіттің жеке басы анықталып, қамауға алынды. Ол жергілікті тұрғын, жас жігіт. Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
   Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (“Адам өлтіру”) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
   «Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады. Тергеу ісі Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында»,- делінген хабарламада.

adimage