Тұтқындалған ПМХЗ басшысы Amanat партиясынан шығарылды және депутаттық мандаттан айырылды

   Павлодар. 14 сәуір. ҚазТАГ-тұтқындалған Павлодар мұнай-химия зауытының (ПМХЗ) директоры Оспанбек Алсейітов Amanat (бұрынғы Nur Otan) партиясынан шығарылып, депутаттық мандаттан айырылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
   "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңға сәйкес, депутат өзі сайланған саяси партиядан шыққан жағдайда, мәслихат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады. Депутат Алсейітов Оспанбек Балтабайұлы Amanat партиясының саяси бюросының 2022 жылғы 24 ақпандағы №3 қаулысы негізінде партиядан шығарылды", - деп хабарлады бейсенбі күні Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Ернұр Айткенов.
  Естеріңізге сала кетейік, 9 ақпанда ҚазТАГ ПМХЗ директоры Оспанбек Алсейітов қылмыстық іс бойынша айыпталушы болғанын хабарлаған болатын. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті иелену немесе ысырап ету) бойынша жүргізіледі. Алсейітов пен басқа да адамдар дизель отынын өндіру процесін компаундирлеу бойынша ПМХЗ функцияларын аутсорсингке заңсыз иеліктен шығарды деп күдіктелуде. Сот санкциясымен ПМХЗ басшысы қамауға алынды. 12 сәуірде 31 наурызда ПМХЗ басшылығына қарсы тағы бір қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды – 2021 жылы шикі мұнайды қайта өңдеу қызметтерінің монополиялық жоғары бағасын белгілеу фактісі бойынша.

adimage