Тоқаев батыс Қазақстанда жастар мұнайшы болғысы келеді: бұл дұрыс емес

    Астана.19 сәуір.ҚазТАГ- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев батыс жастарының мұнайшы болғысы келетінін, бірақ бұл дұпрыс емес деп санайтынын айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   "Батыста, әсіресе Маңғыстауда жастар көбіне мұнайшы болғысы келеді. Бұл дұрыс емес. Мұнай қоры таусылғанда аймақтағы ахуал күрделенеді. Бәрі де мүмкін. Сондықтан жастар басқа да кәсіптерді игеруіне жағдай жасауымыз керек. Бұл жұмысты арайы жоспар бойынша атқару қажет. Мысалы бүгінгі заманның өзекті саласы – ақпараттық технологиялар. Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады. Жалпы біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек. Жастар болашаққа сеніммен қарауы керек. Бұл жұмыс жалпы әкімдердің, үкімет құрылымының құзырында",- деді Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың баяндамасына білдірген пікірінде.
   "Мысалы, бүгінгі заманның өзекті саласы – ақпараттық технологиялар. Осындай технологияларды Маңғыстау облысын дамыту ісінде қолдануға болады. Жалпы, біз көзі ашық, білімді жастарды тәрбиелеуіміз керек. Өскелең ұрпақ келешекке сеніммен қарауы қажет. Бұл үлкен жұмыс. Бұл әкімнің, Үкіметтің құзырында тұрақты түрде болуы керек", – деді Тоқаев.

adimage