Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Жақыповты қабылдады

    Астана.14 наурыз.ҚазТАГ- Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
   «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады»,- делінген бейсенбі күнгі хабарламада.
   Жақыпов:
- қордың 2023 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берді;
- холдинг қызметінің басым бағыттары туралы баяндалды. Нұрлан Жақыповтың айтуынша, олардың қатарына инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жоғары технологиялық өнім шығару, шетелден тікелей инвестиция тарту, Қор компанияларының экономиканы кросс-субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тартуы және «Самұрық-Қазына» компанияларының IPO-ға шығуы мен SPO кіреді
   «Мемлекет басшысы Қор жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді»,- деп қосты Ақорда.

adimage