Қытайда болған кезекті жер дүмпуі Алматыда тағы да сезілді

Алматы. 23 ақпан. ҚазТАГ – Қытайда болған кезекті жер дүмпуі Алматыда тағы да сезілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ «Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығы» баспасөз қызметінен.
«ҚР ТЖМ «ҰСБмЗҒО» ЖШС сейсмикалық станция желісі 23 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 10.08-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматының оңтүстік-шығысында 259 шақырым жерде Қытай шекарасында орналасқан. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда 2 балл», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.
«Жағдай қалыпты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрлікпеуге шақырды», - делінген хабарда.

adimage