Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады

Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады», - деп мәлім етті Уәли сейсенбі күні.
Ол сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатынын айтты.

adimage