Бұрынғы қателігі сабақ болмапты. Бас бостандығын шектеу жазасымен пробациялық бакылауда жүрген Д. есімді азамат, көшедегі жазықсыз адамды ұрып, өлтірген. Енді ол тағы да 10 жылға абақтыға қамалады. Бұл туралы Шымкент қаласының қылмыстық істері жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы А. Орақбаева мәлімдеді.
Нақтырақ айтар болсақ, сотталушы Темірлан тас жолы бойындағы сауда үйінің алдында күзетшіні соққыға жыққан. Түрлі дене жарақаттарын алған азамат, ауруханаға жеткізілген. Алайда, ашық бас ми жарақаты, қан құйылу салдарынан азамат тіл тартпай кеткен.
Сотталушы Д.., өзінің кінәсін мойындағанымен, қылмысты ішіп алып жасағанын жеткізген. Осыған орай, сотталушыдан жәбірленушінің туыстарына 10 млн. теңге өтемақы өндірілетін болды. Сонымен қатар, қылмыскерді пробациялық бақылауға алмағаны үшін, тиісті мамандар жауапқа тартылады.
Нұргүл Жолымбетова