Небәрі 2 айдың ішінде 51 адам туберкулез жұқтырған

Жұқпалы аурулардың ішіндегі ең қауіптісі өкпе құртынан қайтыс болғандар саны артпаса, кемімей отыр. Дәрігерлер туберкулездің жыл жылжыған сайын жасарып бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Қауіпті дерттің қақпанына шырмалғандардың басым бөлігі жұмыс істеуге қабілетті жастағылар. Сондықтан да дәрігерлер ешкім де құрт ауруынан сақтандырылмағанын айтып отыр. Туберкулездің алдын алу және оның таралуын тоқтату мәселесіне арналған брифингте тағы да қандай мәселелер қаузалды? 

Шымкентте небәрі 2 айдың ішінде 51 адам туберкулез жұқтырған. Ал жыл басынан бері өкпе туберкулезінің 40 жағдайы анықталған. Мамандардың айтуынша, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жалпы туберкулездің 35%-ға, ал өкпе туберкулезінің 44%-ға төмендегенін көрсетеді. Дегенмен, бұл аурудан көз жұмғандар жоқ емес екен.

Қарлығаш Қапанова, Түркістан облыстық фтизиопульмонология орталығы басшысының орынбасары: «2024 жылы 4 науқас туберкулезден қайтыс болса, 2 айдың ішінде, қазір 2025 жылы 1 науқас туберкулезден қайтыс болып отыр. Бұл абсолюттік саны».

Мамандардың мәліметінше, биыл 14 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулез жағдайы 1 дерекке артқан. Ал жасөспірімдер арасында керісінше, 1 жағдайға төмендеген. Осыған байланысты дәрігерлер уақытылы тексеруден өтіп, қажет болған жағдайда ем қабылдауға кеңес береді.

Айгүл Тұрымбетова, Шымкент қаласы СЭБД басшысының орынбасары: «Қазір емдер қонады. Жазылып кетеді туберкулезден. Ол ұрық қуаламайды. Содан басқа мед қызметкерлер шақырып отырады жылына 1 рет. Шақырмай қалса, ұмытып кетсе өздеріңіз барып флюрографиядан өтіп отыруларыңыз керек деп ойлаймын».

Айта кету керек, туберкулезге шалдыққандардың 54%-ын 18-44 жас аралығындағы жұмыс істеуге қабілетті адамдар кұрайды. Ал, әpбip ем қабылдамаған науқас жылына 10-15 адамға дейін туберкулез ауруын жұқтыруы мүмкін.

Лаура Бабас