Наурыз-жаңару мерекесі, ал Леңгірдегі 120 отбасы үшін бұл жаңа бастама. Олар көптен күткен пәтерлеріне қол жеткізді. Жаңа қоныстанушылар арасында жетімдер, көпбалалы отбасылар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар бар. Жыл басы олар үшін жағымды жаңалықпен, қуанышпен басталды. Енді қонысымыз да құтты болғай дейді тұрғындар. Қоныс тойын тойламаққа ниет етіп отырғандардың қуанышымен тілшіміз бөлісіп қайтты.
Бұл күнді Айсұлу Ештаева ұзақ жылдар бойы күтті. Өздерінің пәтерлерінің кілтін алып мәз — мейрам. Алты баламен жалдамалы пәтерде тұрып келген отбасы үшін бұл нағыз мереке. Қаунышында шек жоқ , -дейді көп балалы ана.
Айсұлу Ештаева, Ленгер қаласының тұрғыны: «Біз бұл күнді сонша жыл күттік! Біздің қазір өз үйіміз бар екеніне әлі сенбеймін. Үлкен рахмет! Барлығына осындай қуаныш болсын!»
Жаңа баспананың кілтіне ие болған осындай бақытты отбасылардың саны -120! Екі үй бір жылдың ішінде салынды, коммуникациялар жүргізіліп , септиктер орнатылды және билік сендіргендей, сапасы жоғары. Ең бастысы-5 жылға кепілдік! Газ, су, жарық-бәрі қосылған.
Ееркеғали Әлімқұлов, Төлеби ауданының әкімі: «Бұл екі үйде 60 пәтер бар. Бұл мемлекеттік бағдарлама бойынша жалға берілетін тұрғын үй. Мұнда әртүрлі санаттағы адамдар тұрады және біз оларға барлық жағдайды жасаймыз. Сонымен қатар, жыл соңына дейін Ленгерде тағы да бірқатар жаңа үйлер бой көтереді».
Леңгір қаласы біртіндеп өзгеріп келеді. Көпқабатты үйлердің қатары көбейіп, сонымен бірге проблемалар да қосылуда. Ең бастысы-кәріз жүйесі. Тұрғындар оларды қалпына келтірудің уақыты келді деп шағымдануда. Ауданның жаңа әкімі тазарту құрылыстарына ақша бөлініп, соңғы траншты күтіп отырғанын айтты.
Еркеғали Әлімқұлов, Төлеби ауданының әкімі: «Жүйені жөндеу бірнеше жыл бұрын басталған, бірақ 2024 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыру болған жоқ. Қазір депутаттар құрылыс жұмыстарына 1 миллиард теңге бөлуді мақұлдады, бірақ тағы 500 миллион қажет. Біз оларды 2025 жылы аламыз деп үміттенеміз. Егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, біз 2026 жылы аяқтаймыз».
Төлеби ауданының жаңа әкімі өлкені көріктендіру, экономикасын дамыту бағытында тың жоспарларды қолға алынғанын айтып отыр. Олар қалай, қашан жүзеге асырылады — уақыт еншісінде. Ең бастысы, оның уәделері қағазда қалып кетпейтініне сенім мол дейді төлебиліктер.
Шынар Оразова