Ұлттық дәстүрді ұлықтау ұрпаққа өнеге. Бүгін — Ұлттық киім күні. Наурызнама онкүндігінің аясында «Көрме» орталығында отандық дизайнерлердің төл топтамаларының таныстырылымы өтті. Іс-шараға қала тұрғындары және қонақтары қатысып, концерттік бағдарлама мен сән көрсетілімін тамашалады.
Ұлттық киім күнін тойлауға келген әкім орынбасары да өзінің қазақы нақыштағы шапандар топтамасы мен саптама етігі бар екендігін айтты. Толығырақ тілшіміз баяндайды.
Усманова Гүлдана қазақтың ұлттық кимешегін болашақ ұрпаққа бес жылдан бері дәріптеп жүр .Ол, ықылым заманнан келе жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғырта отырып, бас киімдерді ою-өрнектермен, әсем тастармен көмкерген. Әрбір кимешектің өзіндік маңызы мен ерекшелігі бар дейді дизайнер.
Гүлдана Усманова: “Ақ кимешек, қазақтың ұттық кимешегі. Бұл кимешекті алдыңғы уақытта, қыз ұзатқан кезде қосып берген. Барған жерінде өссін. Өнсін дегенді білдірген. Алдыңғы өңірінде тастармен әшекейленгендері, өніп-өскенін білдірген. Оны ел-аналары киген. Ал, жастарымыз тақия ретінде киген»
Бүгінгі ұлттық киімдер көрмесіне кішкентай бүлдіршіндер де келген. Ата-аналары мен ұстаздары олардың бойына рухани құндылықтарымызды сіңіре отырып, тарихтан хабардар етуді жөн көріпті.
Гүлзира Үтепбаева, қала тұрғыны: «Он күндік наурызнама мерекесіне орай, бүлдіршіндерімізбен бірге келіп отырмыз. Ұлттық киім күні екен. Осыған орай, балаларымызға дәріптеп жатырмыз. Наурыз меркесі құтты болсын».
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар өзіміздің ұлттық нақышымызды, салт-дәстүрімізді мақтан тұтып, бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайтуға мүмкіндік береді деп отыр. Қала әкімнің орынбасары Сарсен Құранбек те қазақи нақыштағы киімдер өскелең ұрпаққа үлгі болу керек дейді. Тіпті, өзінде ұлттық киімдердің бірнеше топтамасы бар екен.
Сәрсен Құранбек, Қала әкімінің орынбасары: «Ғасырлардан бері қалыптасып келе жатқан, бұрыннан бар дұниемізді қайта жаңғырта отырып, наурыздың он күндігін тойлап жатырмыз. Және өзіміздің ұлттық ерекшелігімізді әйгілеп жатрымыз. Бұл Президент тарапынан ұсынылған, халықтың тарапынан қолдау тапқан жаңаша сипаттағы мейрамымыз. Дәстүр жалғаса береді деп ойлаймыз. Мен енді дизайнерлік киім деп айта алмаймын. Бірақ, айтар кетер жайт бар. Менде бірнеше шапан, бірнеше етік бар. Саптама».
Көз тартарлық ұлттық нақыштағы көйлектер көпшілікті тәнті етті. Бұрынғы мен бүгінгі стиль үндестік тапқан қазақы нақытағы көрме жоғары деңгейде өтті. Ұлттық киімдерді ұлықтап, ұмытылып кетпеуі үшін тер төгіп жүрген отандық дизайнерлердің еңбегі еленген күн болды.
Нұргүл Жолымбетова