Түркістан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау жүйелері арқылы бақылау жұмыстары жүргізілуде. Түлкібас аудандық полиция бөлімінің Жедел басқару орталығының қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын бұзып, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққан «Toyota» маркалы автокөлікті анықтады. Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізушіге қатысты тиісті шаралар қабылданып, автокөлік айыптұраққа қойылды. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзу өзге жол […]