Шымкент қаласында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Зерделі ұлт – зерек оқырман» атты зияткерлік іс-шарасы өтті. Басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттап, қоғамдағы оқырмандық белсенділікті арттыру. Жиында «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын іске асыру тетіктері мен ұлттық оқу мәдениетін қалыптастыру бағыттары талқыланды. Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен жиында елімізде оқу мәдениетін қалыптастыру, кітапхана […]