Иранда қақтығыста қвза болған генералдар жерленді
30.06.2025
07:20
0

Иран астанасы Тегеранда Израильмен болған 12 күндік қақтығыстан кейін қаза тапқан 60-қа жуық адам жер қойнына тапсырылды. Олардың арасында жоғары шенді әскери шенеуніктер мен ядролық ғалымдар да бар.
Жаппай жерлеу рәсімі Тегеранның орталығындағы Энкелаб алаңында өтті. Мемлекеттік ту жамылған табыттарды мыңдаған адам қоршап, қара киінген жұрт қолдарына марқұмдардың суреттерін ұстап, Израильге қарсы ұрандар айтты. Жерленгендердің қатарында Иран қарулы күштері штабының бұрынғы бастығы, генерал Мохаммад Багери де болды.
Қаралы жиынға Ислам революциясы сақшылары корпусының бас қолбасшысы Хосейн Салами мен ядролық саладағы танымал ғалымдар қатысты.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ