Бас қаладағы БИЛ мектебінің 10-11 сынып оқушылары «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен...
Оңтүстік Африкада қалың қар жауды
Фото: ztb
770
Оңтүстік Африкада қалың қар жауды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Оңтүстік Африка Республикасында ауа райының күрт нашарлауына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Елдің бірқатар өңірлерінде қалың қар жауып, нөсер жауын салдарынан су тасқыны болды. Табиғи апат салдарынан 49 адамның қаза болғаны хабарланды.
Шығыс Кап провинциясында тасқын мектеп автобусын ағызып әкетіп, бірнеше бала көз жұмды. О. Р. Тамбо ауданында және Ист-Лондон қаласына жақын жерде де адам өлімі тіркелді. Жүздеген көлік жолда тұрып қалды, электр жарығы жаппай сөнді. Маусым – бұл өңірде қыс мезгілі болғанымен, мұндай ауқымды табиғи құбылыстар сирек кездеседі. Мамандар мұны климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.