Шымкенттегі балабақшада тәрбиеші балаларды соққыға жықты

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
574

Желі қолданушысы Шымкенттегі “Айкөркем” балабақшасының былығын ашты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Әлеуметтік желі қолданушысы желіде сұмдық ақпараттарды айтты. 

"Балам 2022 жылғы. 3-ке толмаған бала. 04.06.2025ж бақшадағы апайы  "балаңыз құлап беті қызарып қалды” деп ескертеді. Бірақ сағат 9:30-дан бастап баламды тәрбиеші ұрады, 2 сағат бойы( тоқтамай жылап, арасында теуіп, сүйреп, ұрып құлатып, ішіне тебеді). Балам тоқтамай  жылаған. Жылап жерде ұйықтап шалады. Сағат 15:00-ге бейін денесінің қызарғандары басылмаған соң маған құлады деп айтқан”, - деп жазды келіншек.

Алайда баланың өзі анасына тәрбиешінің ұрғанын, жылағанын айтып берген. Ал бақшадағылар мойындамайды. Кейін келіншек бақшадағы камераны ашуды талап етеді. Кейін тәрбиешінің 3-4 жас аралығындағы балаларды ұрып-сабағанын көріп жағаларын ұстайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Синоптиктер 5–7 тамыз аралығында Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын хабарлады,&nbsp...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды, деп ха...