1 төртем, 48 үшем: былтыр 380 мыңнан аса сәби дүниеге келді

1 төртем, 48 үшем: былтыр 380 мыңнан аса сәби дүниеге келді
Фото: elements.envato.com

Былтыр Қазақстанда 388,4 мың сәби дүниеге келді, оның 51,6 пайызы - ұлдар, 48,4 пайызы- қыздар. 230,3 мың бала қалалық жерде дүниеде келсе, қалған 158 мың бала ауылдық жерде дүниеге келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында (1000 тұрғынға 26,74 адам), Түркістан облысында (1000 тұрғынға 26,18 адам) және Шымкент қаласында (1000 тұрғынға 25,70 адам) байқалды.

Бала туудың негізгі үлесі 25-29 аралығындағы әйелдерге тиесілі - 29 пайыз, 30-34 жас аралығындағыларда - 26 пайыз. 20 жасқа дейінгі әйелдер былтыр 12,6 мың бала, 50 жастан асқандар 96 баланы дүниеге алып келген. 

Дүниеге келген балалардың 23 пайызы, яғни 90,7 мыңы - отбасында екінші бала, отбасында сегізінші бала болғандардың саны 1 мыңнан асады.

Былтыр дүниеге келген егіз саны - 4 075 (2022 жылы 4 063), үшем саны - 48 (2022 ж ылы50), төртем саны - 1.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова