Әлімханұлы WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпионмен жұдырықтасуы мүмкін

Әлімханұлы WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпионмен жұдырықтасуы мүмкін
Фото: ©instagram.com/janibek_alimkhanuly

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы  Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) WBC дивизионының уақытша чемпионы доминикандық Карлос Адамеспен (23-1, 18 КО) жұдырықтасуға қарсы емес екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Боксшылар әлеуметтік желіде сөйлесті.

"Канело мені қауіпті дейді, ал Жәнібек қорқады. Маған тең келер қарсылас жоқ. Екі ай бұрын жекпе-жекке батылдық жетеді деп ойлаған Хиниге келісім-шарт жібергенмін, бірақ ол қол қоймады. Қорқақтар", -  - деп жазды Адамес.

Жәнібек былай деп жауап берді:

"Қорқады дейсің бе? Жақсы әзіл! Сен мен үшін оңай жұмыссың! Мен сен жайлы менімен төбелескің келмейді деп естідім."

Адамес сөзін жалғастырды:

"Жарайды, маған келісім-шартты дүйсенбіде жібер. Оған куә болайық. Ал мен оған дүйсенбіде кез келген жерде, кез келген уақытта қол қоямын. Мен дайынмын."

Әлімханұлы:

"Сенің ештеңе шешпейтініңді бәрі біледі. Біз сенің бастығыңмен сөйлесеміз. Оған Жәнібек мені нокаутқа түсіргісі келеді деп айта бар. Егер олар келіссе жекпе-жек ұйымдастырайық. Мен қазір жұдырықтасуға дайынмын", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың қазан айында АҚШ-та өткізіп, неміс Винченцо Гуальтиериді (21-1-1, 7 КО) алтыншы раундта аяқтап, одан IBF титулын тартып алған болатын. Содан бері қазақстандық боксшы дивизионның басқа чемпиондары – америкалық Джермалл Чарло (33-0, 22 КО) мен кубалық Эрисланди Лара (29-3-3, 17 КО) сынға түсе алмады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Зинешов