Президентке арнаулы техникаларының жаңа үлгілері таныстырылды

Президентке арнаулы техникаларының жаңа үлгілері таныстырылды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысына Қарулы Күштердің, басқа да әскери құрамалардың ұшақтары мен тікұшақтарының, жауынгерлік және арнаулы техникаларының жаңа үлгілері таныстырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев авиабазадағы бірқатар инфрақұрылымдық нысанды аралап көрді.

Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Еркін Ботақанов жауынгерлік тапсырмаларды өз деңгейінде орындау үшін базада барлық жағдай жасалғанын мәлімдеді.

Президент әскери қалашықтың Даңқ залына барып, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Авиабазаның Астана әуе айлағында орналасуы жеке құрам мен техниканы қажет жеріне уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді.

 

Сондай-ақ әуеден барлау жүргізу, зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде Ұлттық ұланның бөлімшелеріне авиациялық қолдау көрсетеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина