Әнші Өктем Алтаевқа ұлы қымбат көлік сыйлады

Әнші Өктем Алтаевқа ұлы қымбат көлік сыйлады

Танымал әнші Өктем Алтаевтың ұлы, виолончельші Бағжан Октябрь әкесіне Lexus LX570 көлігін сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Бағжан Октябрьдің өзі Instagram-парақшасында айтты. 

"Әкеме көлік сыйладым. Бала Бағжанның үлкен армандарының бірі әкеме көлік сыйлау еді. Құдайға шүкір, осы күнге жеттік. Әдетте отбасымды көрсете бермеймін, бірақ бұл сәтті сіздермен бөліспеске болмады. Мені шабыттандырып, әрдайым қолдайтын сіздерге рақмет!", - деп жазды Бағжан Октябрь. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бағжан Октябрь - Клайдикс (@clvdeex)

Өнер иесін танымал қазақстандықтар да қолдаған.

"Ең қиын кездерде ата-аналарымыз біз үшін барын берді, бәрін жасады. Енді баланың қызығын көру, еңбектің жемісін көру деген осы шығар. Бағжан, жарайсың! Ата-анаң аман болсын! Қуанта бер", - дейді әнші Ақерке Бүркітбай. 

"Жігітсің! Ата-анаң аман болсын!", - дейді әнші Нұрболат Абдуллин. 

"Атым озса сенің дұғаң, әке, Бағым жанса сенің арқаң, ана... "Саналы ұрпағымен мақтанар ата-ана көп болсыншы. Бағжан, жарайсыз",  деп жазды журналист, диктор Майра Төлепберген. 

Айта кетейік, ашық дереккөздердің мәліметінше, Lexus LX570 маркалы көлігі 67 миллион теңгеден басталады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина