"Өзімізден артық ешкім білмейді". Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді

"Өзімізден артық ешкім білмейді". Балжан Бидаш жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Балжан Бидаш жеке өміріне алаңдап жатқан оқырмандардың сұрағына жауап берді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің соңғы жазбасының астына желі қолданушылары экс-жұбайы Жахан Отарғалиевпен қосылуын тілеп, бірнеше пікір жазған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Balzhan Bidash (@bidash_official)

"Бәрі бітті ме? Болды ма, жаңа жылды қарсы алып алып, енді 2024-ті неден бастап жатырмыз?", – деп жазды әнші. 

Желідегі оқырмандарының лебізіне алғысын білдірген әнші "Біздің өмірді өзімізден артық ешкім білмейді. Уайымдағаныңыз үшін рахмет" деп жауап берді.  Сондай-ақ, "Жахан сізге арнап stories салып, қоштасыпты" деген пікіріне "біздің қоштасқанымызға біраз болды" деп жауап қалдырды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы