"Төртеуі бір үйдің адамы". Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан бес адам опат болды

"Төртеуі бір үйдің адамы". Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан бес адам опат болды
Фото: БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан бес адам опат болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 қаңтарда Жаңақала ауданында болған.

"Сағат 17:17-де Чапаев-Жаңақала жолы бойында Ақбалшық пен Пятимар ауылдарының арасында Toyota Estima және Hyundai SantaFe автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан бес адам мерт болды. Құтқарушылар марқұмдардың денесін автокөліктен шығарды", - деп хабарлады ведомство.

 

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мұны растап, ақпаратты кейінірек беретінін айтқан.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, қаза тапқандардың төртеуі бір үйдің адамы көрінеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан