Павлодар облысында шахтаға түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр

Павлодар облысында шахтаға түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр
Фото: instagram.com/pavlodar_region

Павлодар облысында шахтаға түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары әлі жүріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жүргізіп жатыр.

Арнайы техниканың кіруі үшін өткелді тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. Шұңқырдың түбіне дейін әлі де 40 метрден астам жолды қазу қажет.

Ауыр техника асқан сақтықпен және шұңқырдың бүйір қабырғаларының құлау қаупіне байланысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеп жатыр.

"Барлығы 90 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды. Іздестіру жұмыстары жалғасуда және тәулік бойы жүргізіліп жатыр", - делінген әкімдік хабарламасында. 

Павлодар облысында автобустың шахтаға құлап кетуіне байланысты тергеу басталды

Еске салайық, 4 қаңтарда сағат 01.25 шамасында Баянауыл ауданында "Майқайыңзолото" АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткені хабарланды. Алдын ала болжам бойынша, құлаған аумақтың ұзындығы - 150-200 метр, ені - 500 метр, тереңдігі -150 метр.

"Апат кезінде автобуста төрт адам болды: республикалық орталық штаб кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының үш құтқарушысы және бір жүргізуші. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ", – деді департаментте.

Адамдар отырған автобус шахтаға түсіп кетті: жерлеу рәсімін өткізуге қанша теңге бөлінді?

Жедел штаб ұйымдастырылды. Оқиға орнында Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың басшылығы бар. Психологтар жұмыс істеді.

Авариялық-құтқару жұмыстарына "Майқайыңалтын" АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері Павлодар филиалының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ТЖ департаменті құтқарушыларының күштері мен құралдары, барлығы 44 адам, 13 техника және бір дрон жұмылдырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина