"Жолды ашпады". Мақпал Жүнісова жары Заманбек Нұрқаділовке арналып берілген асқа үлгермегенін айтты

"Жолды ашпады". Мақпал Жүнісова жары Заманбек Нұрқаділовке арналып берілген асқа үлгермегенін айтты
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

ҚР халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің туған күні қарсаңында еске алу асын берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі әкесі Мұхамедьяр Өмірбекұлы мен марқұм жары Заманбек Нұрқаіловқа арнап Қарағанды қаласында ас берген. Алайда ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылып, әнші ол жерге барып үлгермеген. 

"Мақпал, асқа келе алмады. Әкең мен Зәкеңе оқылған Құран қабыл болсын! Күн райының күрт бұзылуына байланысты үлгермеді. Алла да, ел де риза. Зәкеңнің артында қалған ұрпақтары аман болсын! Мерей қызыңның қызығын көр. Ешқандай ренжіме. Елдің сөзін көңіліңе алма!", – деп сәлем жолдады әншінің анасы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Ал кеше ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрқаділовке ескерткіш орнатуға ұсыныс білдірген болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Е. Ерболұлы