"Отбасымыздың атынан". Айнұр Тұрсынбаева судан зардап шеккен өңір халқына қаржылай көмектесті

"Отбасымыздың атынан". Айнұр Тұрсынбаева судан зардап шеккен өңір халқына қаржылай көмектесті
Фото: Әлеуметтік желіден

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева судан зардап шеккен өңір тұрғындарына қаржылай көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы айтыскер әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Айнұр Тұрсынбаева (@aidyn_nury)

"Топан су басып жатқан аймақтардағы халықтың жағдайына алаңдап отырмыз. Біздің күшіміз бірлікте! Бұл қиындықтан да аман өтеміз. Президентіміз барлық шығын өтелетінін айтып жатыр. Азаматтар аман болса осы жерлерде керемет қалашықтар бой көтеріп, арты той болатынына сенеміз! Отбасымыздың атынан 5 миллион қаржы беріп жатырмыз. Алла қаласа балалар киімдері, памперс, тағы басқа керек жарақтарды алып әр аймаққа теңдей бөліп тарататын боламыз! Елімізге Алла жар болсын!", - деп жазды ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы