"Ерлердің қуатын арттырады". Дәрігер құйрық майдың пайдасы жайлы айтты

"Ерлердің қуатын арттырады". Дәрігер құйрық майдың пайдасы жайлы айтты
Фото: pixabay.com

Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында құйрық майдың пайдасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер Ұлжалғас Сманованың айтуынша, құйрық май мынадай пайдалы заттарға бай:

  • Аминқышқылдар;
  • А, Е, В дәрумендері;
  • Мырыш, селен, фосфор, натрий және магний минералдары.

Сондай-ақ дәрігер құйрық майдың пайдасы жайлы айтты:

  • Ағзада жаңа гормондар тузеді;
  • Асқазан-ішек жолдары қызметін жақсартады;
  • Өтті сұйылтады және оның дұрыс бөлінуіне жағдай жасайды;
  • Ерлердің қуатын арттырады;
  • Сәби сүйгісі келетін әйелдерге ең күшті ем.

"Ата-бабамыз құйрық майдың пайдасын бұрыннан білген. Ең жақсы жері өсімдік майын жоғары температурада қыздыру зиян болса, құйрық майға қатты ыстық әсер етпейді. Қуырасыз ба, шикілей жейсіз бе, қақтайсыз ба - табиғи құрамы сол күйі қалады", - деп жазды Ұлжалғас Сманова.

Оқи отырыңыз: Сүйек сорпасы қандай ауруға ем? Нутрициолог пайдалы сорпаны қалай дайындау керегін айтты

А. Жапатова