• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Жаз жақындады: шөл басатын, бірақ денсаулыққа пайдалы сусын аталды

Жаз жақындады: шөл басатын, бірақ денсаулыққа пайдалы сусын аталды
Фото: depositphotos.com

Көктем мен жаздың аптап ыстығында адам шөлін газдалған немесе тәтті сусынмен басқысы келеді. Диетолог, нутрициолог Лариса Ғабдулхакова денсаулыққа пайдалы әрі шөл басатын сусындарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарапшының айтуынша, қантсыз, шөптен жасалған шайлар мен жидек сусындары пайдалы әрі шөл басады.

"Олар антиоксидант қасиеттері бар дәрумендер мен полифенолдарға бай", - деді маман iz.ru-ға берген сұхбатында.

Оған қоса дәрігер үйден лаванда, грейпфрут және қиярдан лимонад дайындауды ұсынды. Сонымен қатар, ол ыстықта ағзаға пайдалы пробиотикалық сусындарды ішуге кеңес берді.

Маман қарапайым судан кейін ең пайдалы сусын ретінде газсыз, минералды суды да атады.

"Бұл - табиғи холеретик, өт қызметін жақсартады, ішектің шырышты қабығын емдейді, ағзадағы зат алмасуды жақсартады", - деп түсіндірді Ғабдулхакова.

Айта кетейік, сарапшылардың сөзінше, шырынды дәрумендердің қосымша көзі ретінде тұтынған жөн, бірақ күніне 150 миллилитрден аспағаны абзал. Ең дұрысы - жаңа сығылған және су қосып сұйылтылған түрлері.

Еске салайық, бұған дейін қан қысымын түсіретін сусын түрі белгілі болды. Сарапшылардың пікірінше, күніне 250 миллилитр қызылша шырынын ішу қан қысымын төмендетіп, жүрек саулығын жақсартады. Ұлыбританиялық жүрек қорының (BHF) сарапшылары бұл сусынды қан қысымын төмендетуге көмектесетін таптырмас сусын деп атаған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget