• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Кәуап ұнататындарға кеңес: денсаулыққа зиян келтірмейтіндей етіп дайындау жолы қандай?

Кәуап ұнататындарға кеңес: денсаулыққа зиян келтірмейтіндей етіп дайындау жолы қандай?
Фото: depositphotos.com

Дұрыс дайындалмаған кәуап денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы терапевт Ольга Чиркова NEWS.ru-ға берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарапшының сөзінше, кәуапты дұрыс дайындаудағы басты міндет - асқазанға ауырлық салмай, жақсы қорытылатындай етіп пісіру.

"Ол үшін майсыз етті, ең дұрысы құс етін немесе балықты таңдауды ұсынамын. Ет оңай қорытылуы үшін оны қышқыл нәрсемен маринадтау керек", - деді терапевт.

Дәрігер маринад үшін алмадан жасалған табиғи сірке суын, майдалап туралған киви жемісін қолдануға кеңес берді. Ал пісіру үшін дүкендегі көмірден гөрі табиғи отынды, ал тұтату үшін құрғақ бұтақтарды қолданған жөн екенін айтты.

Дәрігер кәуапты ашық отта қуырудың және буға пісірудің орнына баяу отта пісіру керек екенін жеткізді. Сонымен қатар, көкөністер мен шөптерді кәуапқа гарнир ретінде берген жөн екен. Маманның сөзінше, бұл етті көп жемеуге және ішектің жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.

Еске салайық, бұған дейін нашар дайындалған кәуапта денсаулыққа қауіпті микроорганизмдер болуы мүмкін екені хабарланды. Бұл туралы эндокринолог, диетолог Оксана Михалева айтты.

Дәрігердің cөзінше, дұрыс пісірілмеген кәуаптың ең басты қаупі - сальмонелла мен ішек таяқшалары. Михалева бұл микроорганизмдер асқазан-ішек жолдарына әсер ететінін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget