• 505.15
  • 490.7
  • 5.74

“Кеше ғана қасымызда отырған“. Жарқынай Ханайым продюсер Әділжан Юсупов жайлы жазба жариялады

“Кеше ғана қасымызда отырған“. Жарқынай Ханайым продюсер Әділжан Юсупов жайлы жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші, актриса Жарқынай Ханайым продюсер Әділжан Юсуповпен қоштасты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарқынай Ханайым продюсері әрі қайын ағасы Әділжан Юсупов жайлы суық хабардан соң жазба жариялады.

"Кеше ғана қасымызда отырған Әділжан ағамен бүгін қоштастық. Әрқашан қолдап, мотивация айтып, күліп жүретін жүзіңізді сағынамыз", - деп жазды актриса.

Танымал актриса оның әрдайым қолдау білдіргенін ерекше атап өтті.

"Маған желтоқсан айының соңында үй жаққа келіп, дайын ән сыйлап, осыны шығаршы деп айтып, концертке қосамын, уайымдама, бәрі жақсы болады деп қолдап кетіп едіңіз. Маған ештеңе істеуге міндетті болмасаңыз да, әрқашан концерттерге қосып, қолдауға тырысып жүретін едіңіз. Продакшнға енді келгенімнен бастап жылы жүзбен қарсы алып, қолдап келдіңіз. Маған қиын кезде менің жеке психологым болдыңыз. Әділжан аға сондай күшті дос еді. Бүкіл махаббат желіміздің куәсі едіңіз", - деп жазды Жарқынай Ханайым.

Еске салайық, бұған дейін танымал әнші, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың жары Әділжан Юсупов дүниеден өткенін жазған болатынбыз.

Әділжан Юсупов - отандық музыка индустриясында өз орнын қалдырған танымал продюсер. Ол дарынды әнші, продюсер Бағым Мұхитденованың күйеуі. Ерлі-зайыптылар 1997 жылы танысып, 2001 жылы отбасын құрған.

Әділжан Юсупов қазақстандық шоу-бизнестегі түрлі өнер қайраткерлерімен бірге жұмыс істеді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова