"Бүкіл ақшаны салдық". Әлішер Каримов қаржы пирамидасына қалай кіргенін айтты

"Бүкіл ақшаны салдық". Әлішер Каримов қаржы пирамидасына қалай кіргенін айтты
Фото: alisher_k

Белгілі әнші Әлішер Каримов қаржы пирамидасына қалай алданып қалғанын әңгімелеп берді. Ол бұл туралы "1001 ТҮН" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. 

"Пирамидаларға сенбейтін едім. Бірақ сондай жағдайлар болып қалды. Алғаш рет түскенімде, бір жақын танысым, досым қоңырау шалып, "әпкем мазалап жатыр, ақшаң болса, кірші. Қазір ақшаң бар ма?" деді. "Иә" дедім. 2500 доллардай, тойдан шыққан кезім ғой деймін. Сол ақшаны бердім. Бір аптадан кейін сол пирамида жоқ. Екінші рет дәл солай тойдан келдім. Қалтамда бір миллион теңге болды. "Сал. Қараша болды. Мамырда аласың" деді. Алты мамыр өтіп кетті, ақша жоқ. Үшінші рет қарындасымның пәтерін саттық, сондай жағдай болып қалды. Олар менімен тұрғысы келді, бірге тұрдық. "Кетіп қалады ғой, қайда, не істейміз ақшаны" дедік. 10 жыл араласқан достарым атын айтпай-ақ қояйын, қазір жоқ ол, бүкіл ақшаны соған салдық", - деді әнші.

Ж. Қадыржанова