- Негізгі бет
- LifeStyle
- Наурыз мейрамы
Мыңдаған бала бір уақытта күй орындады
Фото: Видео кадры
Алматыда мыңдаған бала Наурыз мерекесіне орай бір уақытта күй орындады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыда Наурыз мейрамын атап өту аясында ауқымды челлендж өтті. 20 наурызда сағат 11:00-де қаланың сегіз ауданында мыңдаған оқушы республикалық акцияға қатысып, күйлер орындады.
Ұлттық киім киген жас музыканттар "Адай", "Балбырауын" және "Ерке сылқым" күйлерін орындап, қала көшелерін күймен тербетті.
"Челлендждің басты мақсаты - өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық музыкалық мұраны сақтау және насихаттау", - деп жазылған хабарламада.
Суреттер: Алматы қаласы Білім басқармасы
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова